Шымкенттік тұрғын полицейлердің жедел қызметі үшін алғыс айтты

Шымкенттік тұрғын полицейлердің жедел қызметі үшін алғыс айтты

16.01.2021 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

2021 жылдың 3 қаңтарында Шымкент қаласы Полиция департаменті Баспасөз қызметінің қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде “Instagram” пабликтерінің бірінде жарияланған постқа және бейнежазбаға назар аударды, онда белгісіз әйел супермаркетке келушілердің заттарын сақтауға арналған арнайы жәшіктен құны 40 000 теңге тұратын жасыл пакетті ұрлап кеткен.
Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасы, Жедел басқару орталығы және Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасы қызметкерлерінің үйлесімді жұмысы мен бірлескен іс-қимылдарының арқасында, сондай-ақ азаматтық ұстанымды ұстанған қала тұрғындарымен бірлесіп қылмыс санаулы сағат ішінде ашылды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АПБ №17 УПП-нің учаскелік инспекторлары күдіктіні полицияға жеткізді. Ол 1961 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Өз кінәсін толық мойындады. Күдікті ұрлаған косметика жиынтығын сатып, ал түскен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.
Оның заңсыз іс-әрекетіне қатысты айғақ ретінде бейнежазба тәркіленді. Күдіктіге қатысты сотқа дейін ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасын таңдалды.
Жәбірленуші азаматша Шымкент қаласының полицейлеріне жедел және кәсіби қызметі үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде полицейлер қала тұрғындарына өз мүлкіне мұқият болуды сұрайды.
Мереке күндері Шымкент қаласы ПД қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарды. ЖПҚ, Полк қызметкерлерінен құрылған жаяу нарядтар және Ұлттық ұлан сарбаздары жаяу патрульдеу мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға жақын болды. Азаматтардан келіп түскен хабарламаларға, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жедел ден қою үшін тәжірибелі қызметкерлер қатарынан күшейтілген жедел-тергеу топтары құрылды. Қала аумағында жағдай тұрақты болды. Ауыр қылмыстар тіркелген жоқ.
2020 жылдың 28 желтоқсаннан 2021 жылдың 3 қаңтарына дейінгі аралықта Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 7528 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынды.
Бір апта ішінде бейнебақылау камералары көмегімен 7 қылмыс жайты ашылды.
Олар: ұрлық – 6 және тонау – 1. Бейнебақылау камералары заң бұзушылықтың алдын-алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізуде.
Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 900 жайт анықталып, хаттамалар толтырылды.
Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы (қоғамдық орындарда қоқыс тастау) бойынша – 19 жайт; – ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабы (қоғамдық орындарда мас халде жүру) бойынша – 35; – ҚР ӘҚБтК-нің 449 бабы (қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) бойынша-25; – жол ережесін бұзғандар – 665, одан басқа да 156 жайт анықталды.