ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ

14.10.2020 Выкл. Автор mseditor

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бір топ қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған «Халық алғысы» арнайы медалімен марапатталды.

Пандемия кезінде коронавирусқа қарсы күрес шараларында қызметтік міндеттерін адал орындаған полицейлерді Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов құттықтады.
«Полиция қызметі-мемлекеттік қызметтің ерекше түрі. Полиция – әрқашан мемлекеттің тірегі, әділеттілік пен тәртіптің айнасы, еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін кепілі болуы қажет. Бұл – қауіпті дертпен күресте халық игілігіне қызмет еткен полиция қызметкерлерінің еңбектерін бағалауы деп есептеймін. Өз Антына адал, отансүйгіш, полиция қызметінің мүддесін жоғары қоятын қызметкерлер әрдайым марапатқа және құрметке лайық. Ел үшін сындарлы шақта тәулік бойы қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалаған полицейлерге ерекше Алғыс айтамын»,
-деді Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов.
«Халық алғысы» медалін алғандар:
1. Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Алтаев Мұрат Ерназарұлы
2. Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Сүлейменов Ерғали Сыбанқұлұлы
3. Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Қарабаев Нұрлан Өсерханұлы
4. Қаратау аудандық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Тіленшин Арман Қайбарұлы
5. Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының (батальон құқығында) командирі полиция подполковнигі Сматов Талғат Темірұлы
6. Округтік әскери-дәрігерілік комиссиясының төраға дәрігері Нарбаев Жәнібек Жұмабайұлы
7. Департамент емханасының басшы-дәрігері Рахметова Эльмира Түймебайқызы
8. Медициналық бөлімнің басшы-дәрігері Жүнісова Шынар Қайырбекқызы
9. Абай аудандық Полиция басқармасы жедел криминалистикалық бөлімнің криминалисті полиция аға лейтенанты Кәрімқұлов Абай Бақтиярұлы
10. Еңбекші аудандық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция майоры Сағынбаев Біржан Сағынбайұлы
11. Абай аудандық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы полиция каптинаы Бекбаев Жеңіс Орынбайұлы
12. Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының (батальон құқығында) аға инспекторы полиция аға лейтенанты Жайынбаев Нұрлан Әбдіразақұлы
13. Еңбекші аудандық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны аманжол Нұрдәулет Рамазанұлы
14. Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Нұрғазиев Ержан Аманқұлұлы
15. Патрульдік полиция полкінің штаб аға инспекторы полиция капитаны Полатов Асқат Аманжолұлы
16. Патрульдік полиция полкінің полицейі полиция аға сержанты Сәлімбаев Бағлан Жұмаділұлы
17. Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Шойынбаев Берік Сәрсенұлы