Шымкенттік полицейлер жоғалған қызды Алматы облысынан тапты

Шымкенттік полицейлер жоғалған қызды Алматы облысынан тапты

13.08.2020 0 Автор mseditor

Дайджест КазахстанШымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданының Полиция басқармасына азаматша қызының жоғалып кеткені туралы арызданды, – деп ДАЙДЖЕСТ КАЗАХСТАН.
Хабар-ошарсыз кеткен қыздың жүрген жерін анықтау мақсатында Абай АПБ-ның барлық жеке құрамы мен Полиция департаментінің бөлімшелері бағдарланды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, атап айтқанда, республиканың барлық өңірлеріне бағдар жіберілгеннен кейін хабар-ошарсыз кеткен азаматшаның Алматы облысының Қаскелең қаласында екені анықталды. Абай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері азаматшаны Шымкент қаласына жеткізді.