ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОҒАЛҒАН БАЛАНЫ ТАБУҒА БАРЫН САЛДЫ

ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОҒАЛҒАН БАЛАНЫ ТАБУҒА БАРЫН САЛДЫ

25.07.2020 0 Автор mseditor
Дайджест КазахстанШымкент қаласы Полиция департаментінің «102» жедел басқару орталығына Абай ауданы, Гагарин көшесінің тұрғыны өзінің 3 жасар баласының жоғалып қағаны туралы арызданған, – деп ДАЙДЖЕСТ КАЗАХСТАН.
Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция полкінің 6-рота №881 автоэкипажының қызметкерлері полиция лейтенанты Н.Мақұлбеков және полиция лейтенанты А.Ахметовтар жоғалған баланы дер кезінде іздеу шараларын жүргізген. Нәтижесінде 3 жастағы жасөспірім Гагарин көшесі бойындағы «Шымқала» тойханасының маңайынан табылған. Шұғыл әрекет еткен Полиция қызметкерлері баланы дін аман анасына табыстады. Тәртіп сақшыларының сапалы жұмыс істеп, шұғыл әрекет етуіні арқасында баласымен қауышқан ана шексіз алғысын білдірді. Дегенмен, полицейлер ата-аналарға балаларының қауіпсіздігі үшін үнемі бақылап, көз жазбауларын ескертеді.