Шымкенттік полицейлер жоғалған асыл тұқымды жылқыларды иесіне қайтарды

Шымкенттік полицейлер жоғалған асыл тұқымды жылқыларды иесіне қайтарды

26.01.2021 Выкл. Автор mseditor

Ағымдағы жылы 23 қаңтар күні Қаратау ауданының тұрғыны “102” арнасына хабарласып, көмек сұраған.

Қала тұрғыны сағат 11:00 шамасында Тассай саяжай орналасқан үйінің ауласында тұрған (жалпы құны 2.500.000 тенге тұратын) асыл тұқымды төрт жылқысының жоғалғанын айтып, көмек сұраған. Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ-ның жедел-тергеу тобы мен №62 УПП-нің учаскелік полиця инспекторлары жедел іздеу шараларына шұғыл кірісіп, Тассай, Бозарық, Қайнарбұлақ және Қайтпас ықшам аудандарды ауа-райының қолайсыздығына қарамастан аралау жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға жалпы бес қызметтік автокөлік, екі ұшу дроны жұмылдырылды. Полицейлердің ширақ қимыл іс-әрекеттерінің нәтижесінде сағат 22.30 шамасында Қайтпас ықшам ауданында жоғалған асыл тұқымды жылқылар басқа бір үйірге қосылып кеткенін анықтап, иесіне қайтарылды.

“Жұртқа жақын полиция” қағидатын қамтамасыз ете отырып нәтижелі жұмыс атқарған Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлеріне қала тұрғыны шексіз алғысын білдірді.