Шымкенттік полицейлер танысының телефонын сұрап алып, сатып жіберген алаяқты ұстады

Шымкенттік полицейлер танысының телефонын сұрап алып, сатып жіберген алаяқты ұстады

04.09.2020 0 Автор mseditor

Қала тұрғыны Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына өзіне қатысты жасалған алаяқтық жайты туралы айтып шағымданған. Ағымдағы жылдың 28 тамызында оның танысы телефонын қоңырау шалуға сұрап алып, Байтұрсынов көшесінде орналасқан сауда орталығында сатып жіберген.

Жайт Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190 бабымен Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Тәртіп сақшыларымен жедел іс-шараларды жүргізу барысында аталған құқық бұзушылықты жасаған азамат анықталып, полицияға жеткізілді. Оған қатысты «ешқайда кетпеу» туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.