ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨШПЕЛІ ҚЫЗМЕТ ТҮРІН ҰСЫНДЫ

ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨШПЕЛІ ҚЫЗМЕТ ТҮРІН ҰСЫНДЫ

16.07.2020 0 Автор mseditor

Шымкент қаласының полицейлері егде жастағы тұрғындардың үйіне арнайы барып, жеке куәліктерін қайта рәсімдеуге көмектесті, – деп ДАЙДЖЕСТ КАЗАХСТАН және Polisia.kz.
Ел аумағында Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында жарияланған карантинге байланысты, Шымкент қалалық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының ұйымдастыруымен Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандық Полиция басқармаларымен егде жастағы тұрғындардың үйіне барып, құжаттарын жаңартуға бойынша қызмет көрсетті. Мәселен, Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай аудандық Полиция басқармасы Көші-қон қызметі басқармасының инспекторы Н.Ондасинов, Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасы Көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы Н.Палжигитов, Еңбекші аудандық Полиция басқармасы Көші-қон қызметі басқармасының инспекторы М.Мейірбеков, Қаратау аудандық Полиция басқармасы Көші-қон қызметі басқармасының инспекторы Ж.Сауғабаев қаладағы карантин режимі енгізілген уақытта жеке куәлігінің мерзімі өткен, жүріп-тұруы қиын азаматтарға, қарттарға көшпелі қызмет түрін ұсынды. Нақтырақ айтсақ, егде жастағы тұрғындарының үйіне арнайы барып, жеке куәліктерін қайта рәсімдеуге көмектесті.
Шымкент қалалық Полиция департаменті және оған қарасты Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау Полиция басқармалары Көші-қон қызметі және Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінен құрылған мобильді топ “Ұлы Отан соғысының” ардагерлері, “Тыл ардагерлерінің” және жүру мүмкіндігі шектелген тұрғындардың үйлеріне дайын жеке куәліктерін алып барып, заңдастырып берді. Шымкент қалалық Полиция департаменті қызметкерлері тұрғындарға сапалы қызмет түрін ұсынып қана қоймай, халыққа қорған болу мақсатында жұмыс істейді. Айта кетейік, өздігінен жүріп-тұруы қиын зейнет жасындағы азаматтар құжат рәсімдеуге қатысты мәселеңіз болса, 1414 Call-орталығына хабарласып, осы қызмет түрін үйден шықпай алуға өтініш тастай аласыз. Шымкент қалалық Полиция департаменті және оған қарасты Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау Полиция басқармалары Көші-қон қызметі бөлімдерінің қызметкерлерімен құрылған мобильді топ бүгінге дейін 457 адамға ҚР азаматтының жеке куәлігін ресімдеп, дайын құжаттарын иелеріне тапсырған. Полиция қызметкерлері тарапынан осы бағыттағы жұмыстар жалғаса береді.