Шымкенттік полицейлер із-түссіз жоғалған келіншекті Алматы қаласынан тапты

Шымкенттік полицейлер із-түссіз жоғалған келіншекті Алматы қаласынан тапты

11.01.2021 Выкл. Автор mseditor

Қаңтар 2021 ж., 13:28 жарияланған 8 Шымкенттік полицейлер із-түссіз жоғалған келіншекті Алматы қаласынан тапты.

2020 жылдың 31 желтоқсаны күні Шымкент қаласының тұрғыны Айсұлу Бахтиярова жұмысқа кетіп, үйіне қайта оралмаған. Аталған жайт бойынша Шымкент ҚПД Абай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан, Алматы қаласындағы әріптестерімен бірлесе жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында, із-түссіз жоғалған келіншекті 2021 жылдың 9 қаңтарында Алматы қаласынан тапты.

Оның денсаулығына және өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Тергеу барысында оның отбасылық жанжалға байланысты кетіп қалғаны анықталды. 2021 жылдың 10 қаңтарында полицейлер аталған азаматшаны Шымкент қаласына алып келіп, жанұясына қайтарды. Өз кезегінде жергілікті тұрғын із-түссіз жоғалған жұбайын тауып бергені үшін полицейлерге алғысын жеткізді.