ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР 76 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯНЫ ІЗДЕП ТАПТЫ

ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР 76 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯНЫ ІЗДЕП ТАПТЫ

18.08.2020 0 Автор mseditor

Ағымдағы жылдың 15 тамызында сағат 17:30 шамасында полицияның «102» сымтетігіне Абай ауданының тұрғыны қария атасының жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Алғашқыда өз күштерімен іздеуге кіріскен тұрғындар нәтиже шықпаған соң тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген.

Осы хабарлама бойынша Шымкент қаласы Полиция депратаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының Патрульдік полиция полкінің №822 автоэкипаж қызметкерлері полиция лейтенанты М.Ахметов және полиция лейтенанты А.Ибрагим шұғыл іздестіру шараларына кіріседі. Жедел іс-әрекеттің нәтижесінде сағат 23:30 шамасында Шымкент қаласы Абай ауданы Ташболатов көшесі бойынан 76 жастағы қария аман-есен табылып, үйіне жеткізілді. Мұндай оқиғаның бірнеше рет қайталанғанын айтқан қарияның отбасы тәртіп сақшыларына алғысын айтты.