ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР 3 ЖАСАР БАЛАНЫ АМАН-ЕСЕН ТАПТЫ

ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР 3 ЖАСАР БАЛАНЫ АМАН-ЕСЕН ТАПТЫ

18.08.2020 0 Автор mseditor

Ағымдағы жылдың 15 тамыз күні сағат 21:30 шамасында «102» сымтетігіне Әл-Фараби ауданының тұрғыны баласының жоғалып қалғанын хабарлаған.

Осы хабарлама бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының Патрульдік полиция полкінің № 966 автоэкипаж қызметкерлері полиция лейтенанты Б.Ахметов және полиция лейтенанты С.Абилов шұғыл іздестіру шараларына кіріскен. Жақын аумақтардың барлығын қарап, тұрғындардан сұрастырған. Жедел іс-әрекеттің нәтижесінде 3 жасар бүлдіршін Әл-Фараби ауданы Д.Қонаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің ауласынан табылып, аман-есен анасына жеткізілді. Балақайдың анасы оқыс оқиғаның алдын алып, ұлын дін аман тауып берген полиция қызметкерлеріне шексіз алғысын білдірді. Осы орайда, полиция қызметкерлері барлық ата-аналарға өз балаларына тиісті деңгейде көңіл бөліп, оларды қараусыз қалдырмауын сұрайды.