ШЫМКЕНТТІҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ ТҰРҒЫНДАРМЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТТІҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ ТҰРҒЫНДАРМЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

16.10.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Мемлекет Басшысы өз Жолдауында Ішкі істер министрлігіне «Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша жедел әрі сапалы қызмет атқару міндетін жүктеген болатын.

Нақтырағы учаскелік инспектордың рөліне баса мән беріп, құқық қорғау органдары қызметкерлерін жұртпен ашық әңгіме жүргізуге шақырған болатын. Осы мақсатта Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, генерал-майоры Е.Жумаханбетов жергілікті тұрғындармен кездесіп жатыр.
Бұл жол Шымкенттің бас полицейі Еңбекші ауданына қарасты №36 және 37 учаскелік полиция пункттері инспекторларының 2020 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары мен қызмет көрсету аумағындағы қылмыстық ахуалдың жағдай және проблемалық мәселелерді шешу жолдарын тұрғындармен талқылады.
Еңбекші ауданына қарасты №37 учаскелік полиция пунктіне қарасты әкімшілік аумақта 21 мыңнан аса тұрғын, ал №36 учаскелік полиция пунктіне қарасты әкімшілік аумақта 15 000 жуық тұрғындар бар. Сол аумақтын тұрғындары пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.
Сауалдардың басым бөлігі үй кіреберістері мен аулаларға бейнекамералар орнату мен жарық шамдарды көбейту, жолдарды кеңейту, жасанды жол кедергілерді орнатуға қатысты болды. Өз кезегінде алдағы уақытта тұрғындар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуға күш-жігерлерін аямайтын және учаскелік полиция инспекторларына қолдау көрсететінін жеткізді.
Кездесу соңында Е.Жумаханбетов: Кездесудегі басты мақсат – ол тұрғындардың ішкі істер органдарының қызметіне қатысты мәселелерін бірлесіп, ақылдаса отырып шешу. Бір-біріміздің ұсынысымызды тыңдап, ортақ шешеім қабылдау. Өсіп келе жатқан жастарымызға көңіл бөлу, бос уақыттарын тиім пайдалануға, оларды спортқа баулуға шақыру.
Полиция халықпен тиімді кері байланыс орнату мен азаматтардың шағымдарын тез арада қарастыру мақсатында арнайы кездесуді қаланың барлық аудандарында өткізіліп келе жатқанын айтып, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік органдардың қызметкерлері халықпен тығыз қарым-қатынас жасап, сапалы қызмет көрсету деген талабы аясында жұмыс жалғасатынын атап өтті.