Шымкенттегі сотталған азаматтарды жұмыспен қамту

Шымкенттегі сотталған азаматтарды жұмыспен қамту

19.01.2021 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Шымкент қалалық Абай ауданы бойынша Пробация қызметінің есебіндегі қоғамдық жұмысқа тартылған сотталған азаматтар Шымкент қаласы Абай ауданы әкімдігімен бірлесіп Шымкент қаласында тұрғылықты жері бойынша ақысыз жұмысқа орналастырылады.

Соның ішінде Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлеріне яғни:
1. Тұрмыстық қалдықтарды жинау
2. Аумақты мұздан тазалау
3. Аумақты қардан тазалау
4. Аумақты қоқыстан тазалау
5. Аумақты арамшөптен тазалау
6. Қоқысты жинау және шығару
7. Бұталарды қию
8. Ағаштарды ақтау
9. Ағаш отырғызу
10. Қоршауды сырлау
11. Ғимаратты ақтау
12. Ғимаратты сырлау
13. Газондарды, шөпті шабу;

Барлық сотталғандар өздерінің тұрғылықты жерлері бойынша жазаларын өтеуде және жергілікті жерлердегі әкімшілікпен белгіленген аймақтарда тазарту жұмыстарына жұмылдырылған. Ағымдағы жылы қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден жалтарған сотталғандар болған жоқ. Егерде сотталған азамат жұмыстан бас тартқан жағдайда пробация қызметі сотқа қылмыстық теріс қылық үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін – қамаққа алумен ауыстыру туралы ұсыныс жолдайды.