Шымкентте су қоймаларда рейд жүргізілді

Шымкентте су қоймаларда рейд жүргізілді

06.08.2020 0 Автор mseditor

Дайджест Казахстан“Таза Қазақстан” жедел-профилактикалық шарасы аясында Бадам және Тоғыс су қоймасына рейд жүргізілді, – деп ДАЙДЖЕСТ КАЗАХСТАН және Polisia.kz

Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті Полиция қызметі басқармасы және Шымкент қаласы бойынша Экология департаментімен бірлесе Бадам және Тоғыс су қоймасына бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараның нәтижесінде Бадам су қоймасының жағалауын жалға алушы кәсіпкерлік нысаны тарапынан санитарлық талаптары сақтамай, демалыс орнында қоқыс қалдықтары анықталып, санитарлық-экологиялық талаптарды бұзуға жол берген ЖШС-нің жауапкершілігін қарастыру туралы Экология департаментіне хат жолданып, Шымкент қаласы бойынша Экология департаментімен ЖШС-не ҚР ӘҚБтК-нің 324, 336-баптарымен әкімшілік шара көрілген.  2 тамыз күні Бадам су қоймасына рейдтік іс-шара өткізу барысында Бадам су қоймасынан рұқсат қағазсыз бес килограммнан артық балық аулаған Тоғыс елді мекенінің тұрғыны анықталды. Ол азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 1-бөлігімен “Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу” әкімшілік шара көрілді. Сонымен қатар, аталған су қоймасының жағалауында балық аулап отырған азаматтарға балық аулаудың тәртібі мен тазалық сақтау қажеттігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, “Таза Қазақстан” жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты – экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алу, қоршаған ортаны қорғау заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету болатын.


Ақпарат көзі: Polisia.kz

 

ОПМ “Таза Казахстан” проходит в Шымкенте

В рамках оперативно-профилактического мероприятия “Таза Казахстан” проведены рейдовые мероприятия на водохранилищах Бадам и Тогыс, сообщает ДАЙДЖЕСТ КАЗАХСТАН со ссылкой на Polisia.kz.

Управление местной полицейской службы Департамента полиции города Шымкент совместно с Департаментом экологии провели рейдовые мероприятия на водохранилищах Бадам и Тогыс. В результате данного мероприятия выявлен объект предпринимательства, арендующий часть берега водоема Бадам, который не соблюдал санитарные требования. В Департамент экологии было направлено письмо о рассмотрении ответственности ТОО, допустившего нарушение санитарно-экологических требований, в результате чего Департаментом экологии по городу Шымкент в отношении ТОО были приняты административные меры по статье 324, 336 КоАП РК. 2 августа в ходе проведения рейдовых мероприятий на водохранилище Бадам выявлен житель населенного пункта Тогыс, который без разрешения выловил более пяти килограммов рыбы из водохранилища Бадам. В отношении него принята административная мера по части 1 статьи 383 КоАП РК “Нарушение правил рыболовства и охраны рыбных ресурсов и других водных животных“. Также, рыболовам были проведены разъяснительные работы по соблюдению правил рыболовства и соблюдению чистоты на берегу данного водоема. Целью оперативно-профилактического мероприятия является профилактика экологических правонарушений, обеспечение соблюдения законодательства об охране окружающей среды.