Шымкентте ретсіз сауда орындарына рейд жүргізілді

Шымкентте ретсіз сауда орындарына рейд жүргізілді

04.09.2020 0 Автор mseditor

Шымкент қаласы Төлеби көшесінің бойында орналасқан “Қырғы” базар маңындағы ретсіз саудаға кезекті рет рейд жүргізілді. Қалаға жақын аудандардан келген саудагерлер базар алдында өз тауарларын сатуға дағдыланған. Мұнда сатушылар аяқ жолдар мен автокөлік тұрақтарының орнын жайма базарға айналдырған.

 

Дайджест Казахстан

Дайджест Казахстан

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері аталған орындағы ретсіз сауда-саттықты жою мақсатында аудандық әкімдік өкілдерімен бірлесе тұрақты түрде іс-шаралар жүргізіп келеді.

Осы уақытқа дейін базар алдындағы абаттандырылған аймақты ластаған азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы бойынша жалпы 17 адамға әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік шара көрілген болатын.