Шымкентте ретсіз сауда орындарына рейд жүргізілді

Шымкентте ретсіз сауда орындарына рейд жүргізілді

02.10.2020 0 Автор mseditor

Шымкент қаласы Төлеби көшесінің бойында орналасқан “Қырғы” базар маңындағы ретсіз саудаға кезекті рет рейд жүргізілді.

 

САҚШЫ инфо

САҚШЫ инфо

Қалаға жақын аудандардан келген саудагерлер базар алдында өз тауарларын сатуға дағдыланған. Мұнда сатушылар аяқ жолдар мен автокөлік тұрақтарының орнын жайма базарға айналдырған. Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері аталған орындағы ретсіз сауда-саттықты жою мақсатында аудандық әкімдік өкілдерімен бірлесе тұрақты түрде іс-шаралар жүргізіп келеді.

 

САҚШЫ инфо

САҚШЫ инфо

Жалпы Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасы жыл басынан бері ретсіз саудаға қатысты  ҚР ӘҚБтК-нің 204 бабы бойынша 615 әкімшілік хаттама толтырған. Оның 560-на ескерту берілсе, 55-не айыппұл салынған. Ал ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы бойынша 482 – әкімшілік хаттама толтырылып, оның 479-ы ескерту берілсе  3-не айыппұл салынған.