Шымкентте карантин уақытында қонақ үйде мерекелік шара өткен

Шымкентте карантин уақытында қонақ үйде мерекелік шара өткен

04.08.2020 0 Автор mseditor

Дайджест КазахстанКарантин режимін бұзып, Шымкентте “Мудрая Сова” қонақ үйінде мерекелік іс-шара өтіп жатқандығы анықталды, – деп ДАЙДЖЕСТ КАЗАХСТАН және Polisia.kz.

2020 жылдың 3 тамыз күні сағат 20:30 шамасында, Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары, Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігінің қызметкерлері және Шымкент қаласы Қаратау аудандық Тауарлармен мен көрсетілетін қызметтердің сапасын мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлерінен құралған мобильді топ Қаратау ауданында жедел профилактикалық іс-шараларын жүргізді. Шара барысында Шымкент қаласы, Қаратау ауданы Нұртас мөлтек ауданы Шұғыла көшесінің бойында орналасқан “Мудрая Сова” қонақ үйінде мерекелік іс-шара өтіп жатқанын анықтады. Осы бойынша аталған демалыс орнында мерекелік іс-шара өткізіп жатқан тұлғалардың жеке басын анықтау мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық Полиция басқармасына жеткізіп, түсініктемелері мен қол-саусақ іздері алынды. ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен әкімшілік жауапқа тарту мақсатында жинақталған іс-құжаттар Шымкент қаласы Қаратау аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.


Ақпарат көзі: Polisia.kz