ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН ОРЫНДАМАҒАНДАР ЖАУАПКЕРЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН ОРЫНДАМАҒАНДАР ЖАУАПКЕРЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

13.08.2020 0 Автор mseditor
Дайджест Казахстан

Дайджест Казахстан

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №25, 26, 27, 28, 29, 30, 31 Қаулысына сәйкес Шымкент қаласы Полиция департаменті Шымкент қаласының аудан әкімдерінің және аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының өкілдерімен бірлесіп, қаламыздағы жұмысын қайта бастаған нысандарға санитарлық – дезинфекциялық және санитариялық – карантиндік талаптардың сақталуына мониторинг жүргізілуде.

Елімізде төтенше жағдай және карантин режимі енгізілгеннен бері Шымкент қаласында ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша 433 құқық бұзушылық дерегі орын алған. Оның ішінде мобильді топ өкілдерімен анықталған 294 жайт.
Тексеріс кезінде қатаң карантин шараларының енгізілгеніне қарамастан, кейбір мекеме иелерінің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің Қаулысының талаптарын ескермей, бұрынғы қалыпты кестемен жұмыс жасағандары анықталды.
Атап айтсақ:
– Ресторан, кафе, клуб, компьютерлік ойынханалар мен букмекерлік кеңселер бойынша – 78;
– Шаштараз, массаж, монша, сауна, әсімдік салондар бойынша – 19;
– Сауда үйлері, базар, дүкендер бойынша – 123;
– басқа да қоғамдық жерлерде (саябақ, аллея) – 74-ті құрап отыр. Аталған мекеме қызметкерлерінің бетпердесіз және адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтық және бекітілген жұмыс уақыты сақталмауда.
Бұдан бөлек 139 құқық бұзушылық қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде, онымен қоса 45 жеке тұлға көпшілік орында бетпердесіз жүргені анықталды.
Жинақталған барлық іс-құжаттар Шымкент қаласы аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.
Шымкент қаласында карантин талаптарын сақтамаған тұлғаларға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) 1-бөлімімен 238 хаттама толтырылып, бүгінге дейін 13 миллион 85 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Карантин талаптарын бұзғандардардың басым бөлігі бетперде тақпағандар, қызмет ұсынушылар бір реттік қолғап кимегендер, түрлі нысандарда антисептигі бар санитайзерлер орнатпаған және күнделікті дезинфекциялық залалсыздандыру жұмыстарын жүргізбегендер.
Коронавирус инфекциясының таралу қаупі әлі де сейілмей тұр. Осы орайда Сіздердің түсіністік танытып, індетпен бірге күресуге шақырамын. Карантин талаптарын қатаң сақтайық.