ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН ТАЛАБЫН БҰЗҒАН САУНА АНЫҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН ТАЛАБЫН БҰЗҒАН САУНА АНЫҚТАЛДЫ

29.07.2020 0 Автор mseditor
Дайджест КазахстанCOVID-19 инфекциясының алдын алу және таралуын болдырмау мақсатында Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №25,26,27 Қаулылары шығарылған, деп ДАЙДЖЕСТ КАЗАХСТАН.
Осыған сәйкес Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі рейдттік іс-шара жүргізу барысында карантин талаптарын елемеген кәсіпкерлік нысандарын анықтады.
2020 жылдың 26 шілде күні сағат 01:31 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына 102 телефоны арқылы Шымкент қаласы Ташенов көшесі №119 үйде орналасқан «Оңаша» саунасының жұмыс жасап жатқандығы хабарланған.
Аталған жайт негізінде ҚР ӘҚБтК-нің 804 бабының 1 бөлігінің 22 тармақшасына сәйкес нысан иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 426 бабы 3 бөлігімен процессуалды шешім қабылдау үшін жинақталған іс-құжаттар Әл-Фараби ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасына жолданды.