Шымкентте карантин шектеулерін елемеген екі мейрамхана анықталды

Шымкентте карантин шектеулерін елемеген екі мейрамхана анықталды

21.07.2020 0 Автор mseditor

Дайджест КазахстанКоронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында Еңбекші және Әл-Фараби ауданы аумағында рейдтік іс-шара өткізілді, – деп ДАЙДЖЕСТ КАЗАХСТАН

Еңбекші ауданы Полиция басқармасы мен жұмысшы топ өкілдері рейд барысына 19.07.2020 жылы түнгі сағат 01:00 шамасында Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 09.07.2020 жылғы №26 қаулысында көрсетілген талаптарды өрескел бұзған Еңбекші ауданы Тауке хан даңғылы №73 мекенжайында орналасқан «GQ» караоке-барының жұмыс жасап жатқанын анықтады.
Қаулы талаптарын бұзғаны үшін заңды шара қолдану мақсатында Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.
Сондай-ақ Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы Адырбеков көшесі №39 үйде орналасқан «Мята» Lounge барының ішінде сағат 00:38 шамасында 7-8 адамның отырғанын анықтады. Келуші азаматтардан түсініктемелері алынып, 2 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 441 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. «Мята» Lounge барының иесі мен келуші азаматтарға іс-құжаттар жинақталып Әл-Фараби ауданындық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына өз тарапынан ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік шара қолдану үшін жолданды.

 

В Шымкенте выявлены два ресторана, не соблюдавшие карантинные ограничения.

Дайджест КазахстанВ целях предупреждения распространения коронавирусной инфекции на территории Енбекшинского и Аль-Фарабийского районов проведены рейдовые мероприятия, сообщает ДАЙДЖЕСТ КАЗАХСТАН.
В ходе мероприятия сотрудники Управления полиции Енбекшинского района вместе с мобильной группой 19.07.2020 года в 01:00 часов выявили, что караоке-бар “GQ”, расположенный по проспекту Тауке хана #73 Енбекшинского района, работает, нарушив Постановление #26 от 09.07.2020 года Главного государственного врача города Шымкент.
Собранные материалы в целях принятия законных мер за нарушение требований постановления направлены в Управление контроля качества и безопасности товаров и услуг города Шымкент.
Кроме того, Управлением полиции Аль-Фарабийского района установлено, что примерно в 00:38 часов в Lounge баре «Мята», расположенном по улице Адырбекова №39, находились 7-8 человек. От данных граждан получены объяснения, в отношении 2 граждан составлены административные протоколы по статье 441 КоАП РК. Собранные материалы в отношении владельца и посетителей Lounge бара “Мята” направлены в Управление контроля качества и безопасности товаров и услуг Аль-Фарабийского района для принятия административных мер в соответствии с пунктом 1 статьи 425 КоАП РК.