Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералар арқылы 4 қылмыс ашылды

Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералар арқылы 4 қылмыс ашылды

15.01.2021 Выкл. Автор mseditor

Ағымдағы жылдың 4-10 қаңтар аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 7513 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынды.
Бір апта ішінде бейнебақылау камералары көмегімен 4 қылмыс жайты ашылды. 

Олар: ұрлық – 2, бұзақылық – 1, өзінше билік ету -1. Бейнебақылау камералары заң бұзушылықтың алдын-алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізуде.
Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 813 жайт анықталып, хаттамалар толтырылды.
Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы (қоғамдық орындарда қоқыс тастау) бойынша – 9 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабы (қоғамдық орындарда мас халде жүру) бойынша – 31, ҚР ӘҚБтК-нің 449 бабы (қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) бойынша-31, жол ережесін бұзғандар – 609 , одан басқа да 133 жайт анықталды.

В Шымкенте за неделю с помощью видеокамер раскрыто 4 преступления
В период с 4 по 10 января текущего года на канал «102» Центра оперативного управления Департамента полиции города Шымкент поступило 7513 звонков различного характера.
За неделю с помощью камер видеонаблюдения раскрыто 4 факта преступлений: кража -2 факта, хулиганство -1, самоуправство – 1.
Камеры видеонаблюдения оказывают большую помощь в профилактике правонарушений, раскрытии преступлений по горячим следам.
Также по принципу нулевой терпимости и административным правонарушениям выявлено 813 факта.
Из них: по статье 434 КоАП РК (выброс мусора в общественных местах)- 9 фактов, по статье 440 КоАП РК (нахождение в общественных местах в нетрезвом состоянии)- 31, по статье 449 КоАП РК (попрошайничество в общественных местах) – 31, нарушений правил дорожного движения-609 , иные административные правонарушения – 133.