Шымкент: Жыл басынан бері «Есірткіге жол жоқ!» акциясы аясында 500-ден аса жарнамалық жазба өшірілді

Шымкент: Жыл басынан бері «Есірткіге жол жоқ!» акциясы аясында 500-ден аса жарнамалық жазба өшірілді

22.12.2020 Выкл. Автор mseditor

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен «Жастар ресурстық орталығының» өкілдері ‘’Есірткіге жол жоқ!’’ акциясын өткізді.

Іс-шара аясында Еңбекші ауданындағы Ақсу, Қарасу, Манкент, Майлықожа атындағы көше бойындағы тұрғын үйлер мен инфрақұрылымдық жүйелерде 56 графикалық үлгідегі есірткі сайттарының жарнамалары өшірілді.
Атап өту қажет, жалпы жыл басынан бері Шымкент қаласы Полиция департаменті және қалалық «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлерімен «Есірткіге жол жоқ» акциясы шеңберінде қала аумағындағы ғимараттар мен үй-жайлардың сыртқы қабырғасына есірткі құралдары жарнамаланып салынған 507 жазбалар анықталып жойылды.
Аталған жазбалар өзіміздің жастарымызды немесе жасөсірімді есірткіге немесе нашақорлыққа итермелеу және тарту болып табылады.
Осыған байланысты, Шымкент қаласының Полиция департаменті және «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері есірткіге немесе нашақорлыққа деген құмарлық өзін-өзі өлтірудің ең баяу тәсілі, өз бойында өмірді саналы түрде бұзу екендігін ескеріп, қала тұрғындарынан бұл ғасыр індеті мен қоғам қасіретінен аулақ болуға шақырады.