ШЫМКЕНТ: ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ ДОСТЫҚ МӨЛТЕКАУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ШЫМКЕНТ: ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ ДОСТЫҚ МӨЛТЕКАУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

10.10.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Ерғали Сүлейменов пен Қаратау ауданы полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Арман Тленшин Достық мөлтекауданы тұрғындарымен кездесті.

Жиынды ұйымдастырудағы негізгі мақсат №56 учаскелік полция тірегінің 9 айда атқараған жұмысы туралы болатын. Оның ішінде әкімшілік аумақта құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіп сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылған атқарылған жұмыстарды саралау еді.
Басқосуда тұрғындар өздерін алаңдатқан мәселелер бойынша сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Олар учаскелік полиция инспекторларының халықпен кері байланысты жұмыс істеп жатқандығын алға тартты. Алдағы уақытта түрлі құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында тұрғындар полицияға жылдам хабар беріп, қылмыспен күресуге ат салысатынын жеткізді.
«Мемлекет басшысы Жолдауында учаскелік инспекторлардың беделі мен мәртебесін көтеру жөнінде айтты. Бұл учаскелік полицейлердің жауапкершілігін артыратыны сөзсіз. Олар өзіне бекітілген аумақтың ахуалымен жақсы таныс болуы керек. Халыққа жақын полиция» қағидасы бойынша жедел әрі сапалы қызмет атқаруы қажет»,
– деді Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі Ерғали Сүлейменов жиын барысында.
Айта кетейік, аталмыш кездесу Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жұмаханбетовтың тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылды.