ШЫМКЕНТ: “УЧАСКЕ” ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

ШЫМКЕНТ: “УЧАСКЕ” ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

15.09.2020 0 Автор mseditor

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 7 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында «Учаске» іс-шарасы өтуде.

Осы мерзімде учаскелік полиция инспекторлары қала аумағындағы 9760 пәтерлер мен тұрғын үйлерді аралап шықты. Жалға берілетін 725 пәтерлер тексеріліп, 156 пәтердің заңдылығын тексеру үшін Мемлекеттік кірістер басқармасына ұсыныстар жолданды. Қаңғыбастық пен қайыршылық жасап жүрген 21 адам ұсталып, қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Түнгі мезгілде ата-анасының немесе заңды өкілінің қарауынсыз жүрген 63 жасөспірім анықталды. Ішкі істер органы есебінде тұрған тұлғалар мен қару иелері тексерілді.
Іс-шара барысында 613 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде белгіленбеген орында сауда жасағаны үшін -85, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 56, қоғамдық орында мас халде жүргені үшін – 80, жеке басын куәландыратын құжатсыз және тіркеусіз тұрғаны үшін – 125, өзге де құқықбұзушылықтар -267. Аудандық Полиция басқармаларына барлығы- 213 тұлға жеткізілдіп, қол саусақ іздері алынды.