Шымкент: Қоғамдық орында қайыршылық жасағандар анықталды

Шымкент: Қоғамдық орында қайыршылық жасағандар анықталды

18.01.2021 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 13 қаңтары мен 13 ақпан аралығында қала аумағында «Таза қала» іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында қаңғыбастар мен қайыршыларды анықтау, оларды ұстау және арнайы қабылдау-тарату орнына орналастыру, олар бойынша әкімшілік шаралар қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Іс-шара барысында Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары қоғамдық орында қайыр тілеп отырған Түркістан облысының тұрғынын анықтады. Тәртіп сақшылары 1953 туылған Қалбиби Насирбекованың іс-әрекетіне қатысты тиісті әкімшілік шара қолданып, азаматшамен профилактикалық сұхбат жүргізді.