ШЫМКЕНТ: МОБИЛЬДІ ТОП ӨКІЛДЕРІМЕН РЕЙД ЖАЛҒАСУДА

ШЫМКЕНТ: МОБИЛЬДІ ТОП ӨКІЛДЕРІМЕН РЕЙД ЖАЛҒАСУДА

28.11.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасы қызметкерлері мен аудандық әкімдік өкілдерінен жасақталған мобильді топ өкілдері рейдітік іс-шараларды жалғастыруда.

Кезекті шара барысында қаулы талаптарын өрескел бұзған кәсіпкерлік нысандар анықталды. Мәселен 26 қараша күні Ерімбетов көшесінде орналасқан «Тараз» кафесінде құдайы тамақ ұйымдастырылған. Жиынға 40-қа жуық адам жиналған.

Сондай-ақ Ж.Аймауытов көшесінде ораналсқан «Чинар» дәмханасы сағат 23:29 шамасында карантин талаптарын сақтамай жұмыс істеп жатқаны анықталды. Аталған 2 жайт бойынша нысан иелерінен түсініктеме алынып, заң аясында шара көру үшін жинақталған іс-құжат Шымкент қаласы Еңбекші ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.