Шымкент: Мас хәлде көлік басқарған жүргізуші анықталды

Шымкент: Мас хәлде көлік басқарған жүргізуші анықталды

21.12.2020 Выкл. Автор mseditor

Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті Полиция қызметі басқармасы Патрульдік полиция полкінің 2 рота қызмет инспекторлары полиция аға лейтенанты А.Кенжебай және полиция лейтенанты М.Куримбаев №753 қызметтік автокөлікпен Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына қызметке түскен.

Қызмет атқару барасында сағат 23:30 шамасында Ә.Молдағұлова көшесінде «Mercedes-Benz» автокөлігінің жүргізушісі күдік тудырғандықтан Шымкент қаласы наркологиялық диспансерге апарып медициналық куәландырудан өткізілген. Нәтижесінде жүргізушінің ішімдік ішкені медицина сараптамасынан белгілі болды.

Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 1 тармағымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама толтырылды.
Автокөлікті мас халде жүргізудің соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажет. Жүргізушілер үнемі жол қауіпсіздігі ережесін орындаса, тәртіпке бағынса өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтайтынын естен шығармағаны жөн.