Шымкент: Карантин режимін сақтамаған тойхана мен той иесі жауапкершілікке тартылды

Шымкент: Карантин режимін сақтамаған тойхана мен той иесі жауапкершілікке тартылды

18.01.2021 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша кәсіптік нысандарда карантин режимінің сақталуын бақылауға алу мақсатында мобильді топ құрылып, тұрақты жұмыс атқарылуда.

Мәселен, 17 қаңтар күні Абай ауданы бойынша жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында Темірлан тас жолы бойында орналасқан «Алтын Самұрық» тойханасында 17:00 шамасында той-жиын ұйымдастырылғаны анықталды.

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын сақтамағаны үшін, тойхана иесіне және кеш өткізуші азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлігімен шара көру үшін Абай ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасынның қауіпсіздігін бақылау басқармасына жинақталған іс-құжаттар жолданды.