Шымкент: Белгілі спортшы қаладағы есірткі мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараға қатысты

Шымкент: Белгілі спортшы қаладағы есірткі мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараға қатысты

13.01.2021 Выкл. Автор mseditor

Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қалалық «Жастар ресурстық орталығымен» және олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, зілтемірші Жазира Жаппарқұлмен бірлесіп, қаладағы есірткі мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара барысында Әл-Фараби ауданы А.Байтұрсынов көшесі және Абай ауданы Т.Әйменов көшесінің бойындағы ғимараттар мен үй-жайлардың сыртқы қабырғасына жарнамаланып салынған жалпы 52 есірткі құралдарының жазбалары өшірілді.
Алдағы уақытта Полиция департаменті және «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлерімен осы мақсаттағы бірлескен іс-шаралар жалғасын табады.