Шымкент қаласының тұрғыны Бақыткүл Сарбасова Шымкент қалалық Полиция департаментінің Анықтау басқармасына алғысын білдірді

Шымкент қаласының тұрғыны Бақыткүл Сарбасова Шымкент қалалық Полиция департаментінің Анықтау басқармасына алғысын білдірді

29.09.2020 0 Автор mseditor

Нақтырағы ағымдағы жылдың мамыр айында жол көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болған інісіне қатысты қылмыстық істі тез арада сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп, заңды процестік шешім қабылдап, сотқа жолдағаны үшін анықтаушыларға рахметін айтты.

Мен Сарбасова Бақыткүл Алипбайқызы 1987 жылы туылған інімді 22 мамыр күні жылы сағат 18:40 шамасында, Х.Пазикова көшесінде жүргізуші өзінің автокөлігімен қағып кеткен болатын.
Сол күні інім әр түрлі дене жарақаттарымен Шымкент қалалық клиникалық №1 ауруханасының жан-сақтау бөліміне түсіп, 26.05.2020 жылы таңға жуық аталған ауруханада қайтыс болды. Бастапқыда жүргізуші менің інімді қақпағанын айтып жеткізген.
Алайда Шымкент ҚПД Анықтау басқармасының анықтаушысы полиция капитаны Бахтияр Мұстафа Ыбрахым-Халилиллаұлы мен Анықтау Басқармасының жол көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізу бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Мантеев Мадияр Абдуманапович қылмыстық іс бойынша толыққанды сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп, тергеу барысында жүргізушінің кінәсін дәлелдеп, сотқа істі жолдаған болатын. Соттың шешімімен кінәлі тұлғаның 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Осы қылмыстық іске қатысты тергеу амалдарын жүргізген Шымкент қалалық Полция департаментінің Анықтау басқармасының қызметкерлеріне алғысым шексіз.