ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ ЕРАЛЫ ЖУМАХАНБЕТОВ КЕЗЕКТІ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ ЕРАЛЫ ЖУМАХАНБЕТОВ КЕЗЕКТІ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

22.10.2020 Выкл. Автор mseditor

Биылғы жылы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында барлық мемлекеттік органдар ашықтық принципін ұстану қажеттігін тапсырған еді. Әрі халықпен кері байланысты нығайту жөнінде ерекше тапсырмалар жүктеген болатын.

Осы мақсатта Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов тұрғындармен онлайн режимінде қабылдау өткізіп келеді. Шымкенттің бас полицейі кезекті қабылдауға алдын-ала жазылған 40-қа жуық азаматты қабылдады. Олардың мәселелерін тыңдады.

Азаматтардың басым бөлігі алаяқтардың арбауына түсіп, үлкен көлемде қаржылық шығынға ұшыраған. Ұрлық жайты да тұрғындарды алаңдатқан негізгі мәселе. Жер телімін заңсыз сатып жіберу сынды өзге де мәселелер бойынша тұрғындар өз өтініштерін жеткізді.

Ералы Мұсаәліұлы азаматтардың мәселелерін мұқият тыңдап, заңды шара қолдану үшін қызметкерлерге нақты тапсырма жүктеді. Ал, ұзақ уақыттан бері өзекті мәселесімен талай табалдырықты тоздырған қала тұрғыны Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетовке ризашылығын жеткізді.

«Мен азаматтардың өтінішіне полиция бастығының жеке кірісіп, құлақ асқанын бірінші рет көріп отырмын. Менің жеке мәселемді дер кезінде шешіп бергеніне алғыс айтамын. Мұндай қызметке дән ризамын, қуаныштымын»

-дейді, Шымкент қаласының тұрғыны.

Айта кетейік, департамент бастығының азаматтарды онлайн режимде қабылдауы аптаның әр сәрсенбісі сағат 15-00-де ұдайы ұйымдастырылып келеді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі