Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығы бейнебақылау камераларының көмегімен бір жеті ішінде 5 қылмыс ашылған

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығы бейнебақылау камераларының көмегімен бір жеті ішінде 5 қылмыс ашылған

19.10.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Олар: ұрлық, тонау, бұзақылық жайттарына қатысты. 12-18 қазан аралығында нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша – 1066 жайт анықталған.

Жалпы ұсақ бұзақылық санатындағы әкімшілік істерге – қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер жатады.

Яғни ҚР ӘҚБтК-434 бабы-7; ҚР ӘҚБтК-440 бабы -39; ҚР ӘҚБтК-449 бабы – 25; жол ережесін бұзғандар -879; Ал аудандық Полиция басқармаларының учаскелік полиция инспекторларымен әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жалпы – 984 хаттама толтырылған. Оның ішінде Абай ауданы Полиция басқармасы -515;Әл-Фараби-110; Еңбекші -178; Қаратау -181.