ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

10.09.2020 0 Автор mseditor

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов онлайн режимінде кезекті қабылдауын өткізді.

Бұл жолғы қабылдауға 20 азамат алдын ала жызылып, олардың барлығы онлайн байланысқа шықты. Жеке қабылдауға жазылғандардың басым бөлігі алаяқтыққа қатысты шағымданып, тергеу амалдарының дұрыс жүргізілуін қадағаласа деген базынасын айтты. Әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдаған департамент бастығы әр қылмыстық іске жауапты азаматтардың қатысуын қамтамасыз етіп, халықпен барынша кері байланыс орнатуға ұйытқы болды.Мәселен, дәм-тұзы жараспай екі жаққа кеткен ерлі-зайыптылар арасындағы баспана дауы қабылдауда көтерілген негізгі мәселе.

Шағымданып келген азаматтың ендігі ойы әкесінен мұраға қалған баспанасын құқық қорғау органдарының араласуымен өз меншігіне қайтарып алу. Қазір тергеу аламдары жүргізіліп жатыр, жуық арада қылмыстық іс сотқа жолданатын болады. Айта кетейік, онлайн қабылдау барысында азаматтардың мәселесіне тікелей жауапты сала мамандары Шымкент қаласы Полиция департаментіне қарасты Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының фронт офисіне шақыртылды. Карантин режиміне байланысты барлық санитарлық талаптар қатаң сақталды. Әлеуметтік арақашықтықтың сақталуы мен бетперделік режим қадағаланды.

Ал, департамент бастығы Ералы Мұсаәліұлы жұмысын дұрыс атқармаған қызметкерлерге қатаң шара қолданылатынын ескертті. Себебі

”Полиция департаментіне шағымданып келген әрбір азамат заң аясында жұмыс атқарылатынына сенім артады. Сондықтан, сенімге селкеу түсірмей, өз қызметімізді адал атқаруымыз қажет»,

-деп есептейді Ералы Жұмаханбетов.

Сондай-ақ, қызмет бабында қайтыс болған Шымкент қаласы Полиция департаментінің бұрынғы қызметкерінің әкесі де бүгінгі қабылдауда болды. Ақсақал асыраушысынан айырылған отбасының артында ұрпақ қалғанын айтты. Өз кезегінде марқұмның 3 бірдей перзентіне тиісті көмек көрсетіп, балаларға барынша қамқорлық көрсететінін департамент бастығы қадап айтты. Себебі, соңғы демі қалғанша еліне адал қызмет атқарған Полиция қызметкерінің ісі көпке үлгі деп есептейді.