Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы азаматтарды онлайн қабылдады

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы азаматтарды онлайн қабылдады

02.12.2020 Выкл. Автор mseditor

Шымкент қаласының бас полицейі Ералы Жумаханбетов онлайн режимінде 20-ға жуық азаматты қабылдады.

Алғаш болып сауал жолдаған Бекайдар қажы Исмайлов «Самал-3» мөлтек ауданы «Ізгілік» көшесіне жол белгілерін орнату мәселесін көтерді. «Солтүстік-Батыс» елдімекені ауыл биінің айтуынша сол маңда соңғы кезде жол-көлік оқиғалары жиілеген. Ақсақалдың маңызды ұсынысын тыңдаған Ералы Мұсаәліұлы Әкімшілік полиция басқармасына жедел тапсырма беріп, жол техника бөлімінің қызметкерлері қариямен бірге аталған мекенжайға барды.

Сала өкілдерінің арнайы зерделеу жұмыстарынан соң жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұйғарым жолданатын болады. Қабылдауда өзекті мәселелерін жеткізгендердің басым бөлігі – алаяқтық жайтының құрбаны болғандар.

Мәселен, қала тұрғыны белгісіз тұлғалар оның атынан онлайн түрде несие рәсімдегенін айтып арызданды. Ал Абай ауданының тұрғыны өз үйінен белгісіз азаматтар 1 млн 500 мың теңгесін және заттарын ұрлағанын айтып, қылмыскерді іздестіруге және заңды шара көруді сұранды. Қабылдауға келген азаматтардың мәселесін толық тыңдаған Ералы Жумаханбетов барлық өтініш иелерінің арыз-шағымдары назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Айта кетейік Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру әрі халықпен кері байланысты нығайту мақсатында әр аптаның сәрсенбі күндері азаматтарды қабылдауды онлайн режимде.