Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі 

17.07.2020 0 Автор mseditor

16.07.2020 жылы Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ-на сағат 20:55 шамасында 102 сымтетігі арқылы Шымкент қаласы 16 мөлтек ауданында орналасқан «ХВА-БУН» кафесінің алдынан Сілемғазы Елес деген азаматтан аталған кафе ашық тұр деген шақырту келіп түседі.

Шақырту бойынша барғанымда, шақыртқан Е.Сіләмғазыдан сұрау барысында, «ХВА-БУН» кафесіне ұялы телефон арқылы тапсырыс бергенін, сол тапсырыстан «ХВА-БУН» кафесі тапсырыстан бас тартқанын және сол кафенің не себепті ашық тұрғанын айтып көрсетті. Содан өз қызметімді және өз міндетімді орындау мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы «ҚР төтенше жағдайды енгізу туралы» №285 Жарлығына сәйкес, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «СОVID-19» коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты, Шымкент қаласы, Еңбекші аумағында «коронавирус» инфекциясының алдын-алу және таралуын болдырмау бойынша Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 04.07.2020 жылғы №25 Қаулысы шығарылған. Оның ішінде сондай-ақ 3.7 тармақшасында көрсетілгендей жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) көше форматында ашық алаңда жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану орындары және үйге жеткізу немесе алып шығару режимінде жұмыс жасайтын объектілерінің жұмысы сағат 09-00 ден 21:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі- жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын деп нақты жазылған бас санитардың қаулысымен таныстырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Осы 102 сымтетігі арқылы шақыртылған азамат Е.Сіләмғазының шақыртуы бойынша, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың құрамы болмауына байланысты Е.Сіләмғазы ешқандай қояр арыз шағымы жоқтығын түсініктемесінде жазып көрсетті.