Шымкент қаласы Полиция департаменті

Шымкент қаласы Полиция департаменті

20.10.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

2020 жылдың 11 қаңтарында Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел іс-шарасын жүргізу барысында 1993 жылы туылған Назгуль Есенова өзінің кәмелет жасына толмаған баласын 1 000 000 теңгеге жергілікті тұрғынға сатып жатқан кезінде ұсталып, полицияға жеткізілген.

Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізу барысында, аталған азаматша өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған іс әрекеті үшін өкінді.

Күдіктіге «үйқамақ» түріндегі бұлтаратпау шарасы қолданылып, ағымдағы жылдың 20 наурызында аталған қылмыстық іс бойынша жинақталған іс-құжаттары айыптау актісімен сотқа жолданды.
2020 жылдың 27 қыркүйегінде Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған аудан аралық сотымен аталған азаматша ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі 12-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 6 жыл бас бостандығынан айырылды.