Шымкент қаласы Еңбекші АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері екі айдың ішінде бірнеше ұрлық жайтына қатысы бар күдіктіні ұстады

Шымкент қаласы Еңбекші АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері екі айдың ішінде бірнеше ұрлық жайтына қатысы бар күдіктіні ұстады

02.10.2020 0 Автор mseditor

2020 жылдың шілде және қыркүйек айларында қала аумағындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен шамамен құны 10.000 теңге тұратын 2-дана кислород баллонные және құны 80.000 теңге тұратын ұзындығы 40 метр дәнекерлеу кабелін, дүкендердің бірінен шамамен құны 54.000 теңге және 38.000 теңге тұратын «KRAUSE» маркалы сатыларын, автотұрақтардің бірінен шамамен құны 50 000 теңге тұратын 2-дана аккумуляторын ұрланған күдіктіні полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында анықтап, полицияға жеткізген. Ол 1991 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Күдікті өз кінәсін мойындап, қамауға алынды.

Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. тіркелді.
Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталған соң, заңды, әрі негізді процестік шешім қабылданады.