Шымкент қаласы аумағында жеке тұлғалардың берешектері мен салықтық төлемдерін өндіру бойынша іс-шара жүргізілуде

Шымкент қаласы аумағында жеке тұлғалардың берешектері мен салықтық төлемдерін өндіру бойынша іс-шара жүргізілуде

12.10.2020 Выкл. Автор mseditor

Шымкент қаласы Полиция департаменті, қалалық мемлекеттік кірістер және Өңірлік жеке сот орындаушылары палатасы өкілдерінен құрылған жұмысшы топ қала аумағындағы 4 ауданға бөлініп, салық төлеуден жалтарып жүрген азаматтар бойынша рейд жүргізуде.

Шараның алғашқы күні жалпы 117 жеке тұлғаның автокөліктері тоқтатылып, тексерілді. Оның ішінде 7 автокөлік салықтық берешектерін сол мезетте төледі. Ал 2 жүргізушінің көлігі арнайы айыптұраққа жеткізілді. Жалпы іс-шара барысында 1 млн 300 мың теңге көлемінде жеке тұлғалардың салығы мемлекет бюджетіне өндірілді.
Айта кетейік берешектерден салықтық төлемдерін өндіру бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті, қалалық мемлекеттік кірістер және Өңірлік жеке сот орындаушылары палатасы арасында ынтықмақтастық меморандумы түзілген болатын.