Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша кәсіптік нысандардың карантин талаптарын сақталуын бақылауға алу мақсатында іс-шара ұйымдастырылды

Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша кәсіптік нысандардың карантин талаптарын сақталуын бақылауға алу мақсатында іс-шара ұйымдастырылды

12.10.2020 Выкл. Автор mseditor

Абай ауданы бойынша жүргізілген жедел профилактикалық іс-шараларының нәтижесінде Шымкент қаласы Бас санитарлық дәрігерінің №39,40 қаулысын сақтамағаны үшін Шымкент қаласы Асқаров көшесі бойында орналасқан “Релакс” кафесі сағат 23:30 шамасында өзінің жұмысын тоқтатпағаны анықталды.

Аталған жайт бойынша кафе меңгерушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабының 1 бөлігімен шара көру үшін Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігінің бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды.