Шымкент: Қала тұрғыны қар күреген полицейлерге алғыс айтты

Шымкент: Қала тұрғыны қар күреген полицейлерге алғыс айтты

21.12.2020 Выкл. Автор mseditor

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Инстаграм желісіндегі ресми парақшасына қала тұрғынынан бейнежазба келіп түсті.

Аталған хабарламада желі қолданушысы көше тазалығында жүрген анаға қар күреуге көмектескен қайырымды полиция қызметкерлеріне алғысын жеткізді. Оқиға ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында таңғы сағат 10:00 шамасында орын алған.

Асқаров көшесінде орналасқан стационарлық полиция бекетінде қызмет ету барысында Шымкент қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің 10 рота қызметкерлері Амонов Ерлан мен Иманов Мұхит көшенің жаяу жүргіншілер тротуарын қардан тазалап жүрген ананың қолынан күрегін алып, қар күреген.

Осы сәтті бейнежазбаға түсіріп алған тұрғын мейірімді тәртіп сақшылары ризашылығын білдіруде.