Шымкент: 30-ға жуық жасөспірімнің ата-анасына хаттама толтырылды.

Шымкент: 30-ға жуық жасөспірімнің ата-анасына хаттама толтырылды.

17.08.2020 0 Автор mseditor

Шымкент қаласында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Дайджест Казахстан.

Оған Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері және “Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары жұмылдырылды. Рейдтің негізгі мақсаты – ҚР Заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүрмеуін тексеру, ата-ананың қарауынсыз қалу, келеңсіз жағдайлардың алдын алу еді. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы ӘКБтК-ның 442-бап, 2-бөлімі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы) бойынша 28 әкімшілік хаттама толтырылып, 70 тұрғынға ауызша ескерту салынды. Ескерту берілу себептерінің ішінде Қазақстан Республикасы ӘКБтК-ның 127-бабы ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларға тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы, 441-бап жекелеген қоғамдық орында темекі шегуге тыйым салу, 442-бап кәмелетке толмағандардың заңды өкілдердің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуға тыйым салынатындығы жөнінде болды.


ШЫМКЕНТ: НА РОДИТЕЛЕЙ  30 ПОДРОСТКОВ СОСТАВЛЕНЫ ПРОТОКОЛА.

В городе Шымкенте с целью предупреждения правонарушений и преступности среди подростков был организован ночной рейд. Участие в нем приняли сотрудники полиции и специалисты коммунального государственного учреждения «Молодежный ресурсный центр».
Цель рейдового мероприятия – контроль за тем, чтобы согласно законодательству РК несовершеннолетние не находились в развлекательных заведениях и вне жилища в ночное время без сопровождения законных представителей, не оставались без внимания родителей. В результате согласно статье 442, части 2 Кодекса РК об административных правонарушениях (Нахождение несовершеннолетних вне жилища без законных представителей) составлено 28 административных протоколов, 70 граждан получили устные предупреждения.
Причинами предупреждений стали согласно статье 127 Кодекса РК об административных правонарушения – неисполнение законными представителями обязанностей по воспитанию несовершеннолетнего, согласно статье 441 – запрет на курение в отдельных общественных местах, согласно статье 442 – нахождение несовершеннолетних в развлекательных заведениях и вне жилища в ночное время без сопровождения законных представителей.

Источник: Пресс-служба Департамента полиции города Шымкент.

Шымкент: 30-ға жуық жасөспірімнің ата-анасына хаттама толтырылды