Шлагбаум қаншалықты заңды?

Шлагбаум қаншалықты заңды?

16.09.2020 0 Автор mseditor

Шымкент қаласы Полиция департаментіне қала тұрғыны хабарласып, Республика даңғылы №21 үйдің ауласына кіретін жолға екі жағынан қойылған шлагбаумның қаншалықты заңды екенін анықтауды сұрады.

Осы өтініш бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына қарасты №25 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлерімен дер кезінде тиісті жұмыстар жүргізіліп, аталған үйдің ауласына қойылған шлагбаумды сол үйдің тұрғындарының келісімімен қойылғандығы анықталды. Себебі үй ауласына бөгде азаматтар автокөліктерін қойып, сол үй тұрғындарының автокөлікпен кіріп шығуына кедергі жасаған. Сондай-ақ келесі аптада аталған үй тұрғындары мен осы аумаққа жауапты учаскелік полиция инспекторы және аудан әкімдігінің өкілдері санитралық талаптарды сақтай отырап кездесіп, қосымша талқылау жұмыстарын жүргізуді жоспарлануда.