“Shelby” караоке клубы түнгі 01:00-де жасап, карантин режимін бұзды

“Shelby” караоке клубы түнгі 01:00-де жасап, карантин режимін бұзды

21.10.2020 Выкл. Автор mseditor

2020 жылдың 20 қазаңнан 21 қазаңға қараған түні Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау АПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары рейдтік іс-шараларын жүргізу барысында М.Дулати көшесінің бойында орналасқан “Shelby” караоке клубының сағат 01:00-де жұмыс жасап, карантин режимін өрескел бұзып жатқандығын анықтаған.

Аталған жайт бойынша нысан иесіне ҚР ӘҚБК-нің 425-бабымен әкімшілік іс құжаттар жинақталып, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жолданылды.

Сонымен қатар, кальян шеккен 3 азаматқа және аталған нысан әкімшілігіне ҚР ӘҚБК-нің 441-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.