Шамамен 90 пәтерлі көп қабатты үйдің ауласында кәуап пісіріп, тұрғындардың мазасын алған азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Шамамен 90 пәтерлі көп қабатты үйдің ауласында кәуап пісіріп, тұрғындардың мазасын алған азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылды

19.10.2020 Выкл. Автор mseditor

Демалыс күні Шымкент қаласы 16 мөлтек ауданы 11 үйдің тұрғыны сол аулада кәуап пісіріп жатқаны бойынша тұрғындар Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының №34 учаскелік полиция пунктінің қызметкері полиция майоры Бауыржан Журимбаевке хабарлаған.

Өз кезегінде учаскелік поилция инспекторы Бауыржан Журимбаев аталған жерге жедел жетіп, тұрғынның мангалда кәуап пісіруін тоқтатады. Қәуәптің исімен тұрғындардың мазасын алған азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.
Аталған хабарламаға дер кезінде келген учаскелік поилция инспекторы Бауыржан Журимбаевқа тұрғындар алғысын жеткізді.