ШҚО да қатаң режимдегі колония қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне көрме ұйымдастырды

ШҚО да қатаң режимдегі колония қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне көрме ұйымдастырды

04.12.2020 Выкл. Автор mseditor

ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/14 мекемесінің жеке құрамының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «1 желтоқсан – ел тарихы үшін елеулікүн» атты көрме ұйымдастырды.

2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап, аталмыш іс-шаралардың ұйымдастырылуымен атап өтілетін Қазақстандағы мемлекеттік мерекенің мақсаты ЕлбасыН.Ә.Назарбаевтың өмірі мен жүргізіп отырған саясатын, іскерлік қабілетін кеңінен насихаттау. Мекеме қызметкерлеріне  Президенттің ел үшін жасаған игі істерін үлгі – өнеге ету.

Бүгінгі ұйымдастырылып отырған көрме барысында жеке құрам Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің жаңа бастамаларымен, «Назарбаевтай болғым келеді», «Елмен сырласу», «Әлем Қазақстан туралы, Президент туралы», «Қазақстан жолы», «Нұрсұлтан Назарбаев өмірбаяны», «След в истории», «Президенттің бір жылы»,  сынды Елбасының тәуелсіздік жылдарындағы жүріп өткен жолы, жетістіктері, еңбектері туралы кітаптарментанысып,  Елбасының айтқан қанатты сөздері туралы қабырға суреттерін сөз етті.

«Нұрсұлтан Әбішұлы – парасатты ақыл-ой мен ерекше еңбекқорлығы бар бірігей әрі жан-жақты тұлға. Көрме біздің Президентіміздің тарихи тұлға ретіндегі тұлғасын және оның егемен Қазақстанды қалыптастырудағы және дамытудағы рөлін ашты. Тұңғыш Президент билігі кезінде Қазақстан әлемдік қоғамдастықта беделді позицияларға қол жеткізді. Көрме жұмысының барлық күндерінде мекеме қызметкерлері көрмемен ғана емесЕлбасының қызмет бағыттарымен таныса алды»

– дейді мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов.