Шәкірттері ұстаздарын құттықтады

Шәкірттері ұстаздарын құттықтады

01.10.2020 0 Автор mseditor

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға, демекші қазан айында тағы да бір үлкен мереке – ұстаздар күні аталып өтпек.

 

САҚШЫ инфо

САҚШЫ инфо

Алғаш әліппені танытып, қолына қалам ұстатып үйреткен, туған анасынан кем жаны ашымайтын, он бір жыл бойы мектеп қабырғасында балаларын көзінің қарашығындай, қызғыштай қорғайтын ұстазы – екінші анасы. Осы мереке қарсаңында Павлодар қаласының № 19 жалпы білім беру мектебінің түлектері Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті АП-162/2 мекемесі режим бөлімінің бастығы әділет капитаны Даурен Айткулов, режим бөлімінің жеделуәкілі әділет капитаны Айдар Айдарханов, тәрбие бөлімінің жасақ бастығы әділет лейтенанты Арман Асылбеков өздерін жеті жыл бойы оқытқан, сынып жетекшілері болған ұстаздары, бүгінгі күнде зейнеткер-ұстаз Нұрахметова Клара Шарапатқызын құттықтады.

Клара Шарапатовна Павлодар қаласының тумасы, қазіргі Абай атындағы Қазақ Алматы университетін биология мамандығы бойынша тәмәмдаған. Барлық өмірін ұстаздыққа арнаған Клара Шарапатовна 2000 жылдан 2015 жылға дейін қаламыздың № 19 мектебінде қызмет еткен. Үш шәкіртін көрген ұстаз-ана көзіне жас алып, қуанышында шек болмады. Шәкірттеріне арнап ас жасап, дастарханда жайып қойыпты.

Мектеп кезіндегі қылықтарын еске түсіріп, Дауреннің сыныпта топ басшы болғанын, Айдардың спортқа жақын болғанын, Арманның қалжыңпаздығын тілге тиек етті. Сонымен қатар, сыныпта болған қызықтарды, тәртіпсіздіктері үшін сөз естігендерін, қатарлас сыныппен бәсеке болып үнемі алда болу үшін жұмыс жасайтындарын, басқа да сыныптастарының қылықтарын еске түсіріп, мәз-мейрам болды. Ұстаз шәкірттерінің құқыққорғау саласында қызмет ететіндерін, өз орындарын тапқаны үшін қуанышты екенін айтты. Шәкірттеріне адал болыңдар, қызметтеріңді адал істеңдер, жамандыққа ешқашан бет бұрмаңдар деп ақылын айтты. Ал шәкірттері болса ұстаздарына денсаулық тілеп, әрқашанда жадыларында сақтайтындарын айтып, гүл шоғы мен шағын сыйлықтарын тарту етті. Бір сағатқа созылған кездесу ұстаз бен шәкірт арасындағы сағыныштың сазы сезілген, үлкен тәрбиелік мәні зор отырысқа айналды.