Сатушылардың тек 50%-ы ғана кәмелетке толмағандарға темекі сатуда жауапкершілікті сезінеді

Сатушылардың тек 50%-ы ғана кәмелетке толмағандарға темекі сатуда жауапкершілікті сезінеді

05.08.2020 0 Автор mseditor

Дайджест КазахстанҚазақстанның Сауда Кәсіпорындары Қауымдастығы (ҚСКҚ) “Adal Nietpen” жобасы аясында құрамында никотині бар өнімдерді сату тақырыбында дүкен сатушылары арасында сауалнама жүргізді, – деп ДАЙДЖЕСТ КАЗАХСТАН.

Сауалнама 2020 жылдың маусым айының екінші жартысында сұхбат әдісімен Қазақстан қалаларындағы 400 дүкен сатушысы арасында өткізілді.

Сатушының жасөспірімге никотині бар өнімді сату туралы шешімінің артында не тұр, осы сауалнаманың қорытындысы бізге жағдайды толығырақ түсінуге көмектеседі”, – дейді Жібек ӘЖІБАЕВА, ҚСКҚ басқармасының вице-президенті, – Зерттеудің кейбір көрсеткіштері Adal Nietpen жобасының тиімділігін өлшеу үшін негізгі индикаторларды сипаттайды”.

Сауалнама қорытындысы бойынша:

  • Сатушылардың тек 37%-ы кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатуға қазіргі күнгі тыйым салуды темекі шегуге қарсы күрестің тиімді шарасы деп санайды.
  • Сатушылардың көпшілігі (55%) ҚР сауда нүктелерінде кәмелетке толмаған сатып алушыларға темекі өнімдерін сатуға тыйым салу толық көлемде сақталады деп санайды; бұл ретте әрбір бесінші сатушы жағдайдың керісінше екеніне сенімді.
  • Сатушылардың пікірінше, кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатуға тыйым салуды сақтамаудың негізгі себебі – қаржылық себептер және табыс алу қажеттілігі (47%).
  • Сатушылардың едәуір бөлігі (37%) темекі шегу мен никотинге тәуелділікпен күресудегі дүкен сатушыларының рөлін маңызды емес деп санайды.
  • Сұралған сатушылардың 53%-ы өз қаласының дүкендерінде кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сату жағдайлары туралы естіген.
  • Сатушылардың 54%-ы кәмелетке толмаған сатып алушыға темекі өнімдерін сату бас тартылса, олар өнімді басқа дүкеннен сатып ала алады деп санайды.
  • Сатушылардың 20%-ы тыйымды бұзған сатушылар бұған жиі жауап береді деп санайды.
  • Көптеген сатушылар (91%) темекі өнімдерін сату ережелерінің толық сақталуын мәлімдейді. Егер әлеуетті сатып алушының жасын анықтау қиын болса, 10 сатушының 9-ы жеке куәлікті көрсетуді сұрайды.

Сонымен қатар, сатушылардың темекі өнімдерін сатқаны үшін жауапкершілігі туралы пікірлер екіге бөлінді: сауалнамаға қатысушылардың 50%-ы сатушы кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатқаны үшін жауапты болуы тиіс деген пікірді ұстанады, 46%-ы олардың жауапкершілік аймағына тек дүкенде тауарды сату кіреді және балалар арасында темекі шегуге қарсы күрес үшін ата-аналар мен мемлекет жауапты деп санайды.

Сондай ақ, сатушылар маңызды рөл атқарады, өйткені жас сатып алушылар оларға тыйым салынған өнімдерді сатып алуға келеді. Дүкендердегі сатушылар – бұл балалар темекі мен құрамында никотині бар өнімдерге қол жеткізе алатын “көпір”, сондықтан “Adal Nietpen” жобасы бөлшек сауда өкілдеріне сатып алушының жасын бақылаудың маңыздылығын, сондай-ақ олардың кәмелетке толмағандардың болашағына ықтимал әсерін еске салуға бағытталған.

“Кәмелетке толмаған сатып алушылар –  бұл тәжірибесіздігіне байланысты өмірлерінде көптеген жылдарға созылатын зиянды әдеттерге ие болатын аңғал жасөспірімдер. Сатушыларды біздің қозғалысқа қосыла отырып, өскелең ұрпаққа жауапкершілікпен қарауға шақырамыз”, – дейді ҚСКҚ атқарушы директоры Ермек РАХМЕТОВ.

Осы жылдың маусым айының басында жүзеге асқан жоба шағын бөлшек сауда өкілдеріне, соның ішінде дүкен иелеріне, кассирлерге және құрамында никотині бар өнімдер мен кәмелетке толмағандар арасында көпір бола алатын барлық адамдарға бағытталған. Жобаның жаңалықтары мен іс-шаралары туралы @adal_nietpen Instagram аккаунтынан білуге болады.

Сауалнаманы маркетингтік зерттеулер мен консалтинг саласында қызмет көрсетуге мамандандырылған Alvin Market компаниясы жүргізді.

_____________________________________________________________________________

Қосымша ақапарат үшін хабарласуыңызды өтінеміз:

Ермек Рахметов, Қазақстанның Сауда Кәсіпорындары Қауымдастығының Атқарушы директоры,

rakhmetoff@gmail.com, +7(702) 800 88 78

Қазақстанның Сауда Кәсіпорындары Қауымдастығы (ҚСКҚ) – 1999 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Қазақстанның сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының қоғамдық коммерциялық емес бірлестігі. Бүгінгі таңда Қауымдастықтың 14 облыста, Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ Қырғызстан Республикасында – Бішкек қаласында, Ресейде – Омбы және ҚХР – Үрімші қалаларында өз филиалдары мен өкілдіктері бар. Қауымдастыққа 100 мыңнан астам жеке тұлғаларды біріктіретін 40 заңды тұлға кіреді.

 

Лишь 50% продавцов считают себя ответственными за продажу сигарет несовершеннолетним

Дайджест КазахстанАссоциация Торговых Предприятий Казахстана (АТПК) провела опрос среди продавцов магазинов на тему продажи никотинсодержащих продуктов (

) в рамках проекта “Adal Nietpen”, сообщает ДАЙДЖЕСТ КАЗАХСТАН.

Опрос был проведен среди 400 продавцов магазинов в городах Казахстана методом интервью во второй половине июня 2020 г.

Итоги данного опроса помогут нам подробнее понять ситуацию чем мотивировано решение продавца продать никотинсодержащий продукт подростку”,- говорит Жибек АЖИБАЕВА, вице-президент правления АТПК, – «Некоторые показатели исследования также будут играть ключевые индикаторы для замера эффективности нашего проекта Adal Nietpen”.

По итогам опроса:

  • Лишь 37% продавцов считает существующий запрет на продажу табачных изделий несовершеннолетним эффективной мерой по борьбе с курением.
  • Большинство продавцов (55%) считает, что запрет на продажу табачной продукции несовершеннолетним покупателям в торговых точках РК соблюдается в полной мере; при этом каждый пятый продавец уверен в обратном.
  • По мнению продавцов, основная причина несоблюдения запрета на продажу табачных изделий несовершеннолетним – это финансовые мотивы и необходимость получения выручки (47%).
  • Значительная часть продавцов (37%) оценивает роль продавцов магазинов в борьбе с курением и никотиновой зависимостью как маловажную.
  • 53% опрошенных продавцов слышало о случаях продажи табачных изделий несовершеннолетним в магазинах своего города.
  • 54% продавцов считает, что несовершеннолетний покупатель сможет купить табачные изделия в другом магазине, если они откажут ему в продаже.
  • 20% продавцов считает, что продавцы, нарушившие запрет, несут ответственность довольно часто.
  • Большинство продавцов (91%) декларируют полное соблюдение правил продажи табачных изделий. В случае, если трудно определить возраст потенциального покупателя, 9 из 10 продавцов просят показать удостоверение личности.

Помимо этого, мнения об ответственности продавцов за продажу табачных изделий разделились: 50% участников опроса придерживается мнения, что продавец должен нести ответственность за продажу табачных изделий несовершеннолетним, 46% считают, что в их зону ответственности входит лишь продажа товара в магазине и возлагает ответственность за борьбу с курением среди детей на родителей и государство.

Вместе с тем, продавцы играют ключевую роль, потому как именно к ним и приходят юные покупатели, чтобы приобрести запрещенные для них продукты. Продавцы в магазинах представляют собой “мостик”, через который дети могут получать доступ к сигаретам и НСП, именно поэтому, проект “Adal Nietpen” нацелен на представителей ритейла, чтобы напомнить им о важности соблюдения контроля возраста покупателя, а также об их потенциальном влиянии на будущее несовершеннолетних лиц.

“Несовершеннолетние покупатели – это наивные подростки, которые, в силу своей неопытности, обретают пагубные привычки, которые могут сопровождать их жизнь еще долгие годы. Мы призываем продавцов к ответственному отношению перед подрастающим поколением, присоединившись к нашему движению”,- говорит Ермек РАХМЕТОВ, исполнительный директор АТПК.

Запущенный в начале июня этого года, проект ориентирован на представителей малой розничной торговли, включая собственников магазинов, кассиров и всех тех, кто потенциально может стать мостом между НСП и несовершеннолетними лицами. О новостях и мероприятиях проекта можно узнать через Instagram аккаунт проекта @adal_nietpen.

Опрос был проведен компанией Alvin Market, специализирующейся на оказании услуг в сфере маркетинговых исследований и консалтинга.

_____________________________________________________________________________

За дополнительной информацией, пожалуйста, обращайтесь:

Ермек Рахметов, исполнительный директор Ассоциации Торговых Предприятий Казахстана,

rakhmetoff@gmail.com, +7(702) 800 88 78

Ассоциация Торговых предприятий Казахстана (АТПК) – общественное некоммерческое объединение предприятий торговли и сферы услуг Казахстана, функционирующее с 1999 года. На сегодняшний день Ассоциация имеет свои филиалы и представительства в 14 областях, гг. Алматы и Астана, а также в Республике Кыргызстан – в г. Бишкек, России – в г. Омск и КНР – г. Урумчи. В Ассоциацию входят 40 юридических лиц, объединяющих более 100 тысяч физических лиц.