Салық төлеуден жалтарып жүргендердің 2 млн теңгеден астам қаражатымен мемлекеттің бюджеті толықтырылды

Салық төлеуден жалтарып жүргендердің 2 млн теңгеден астам қаражатымен мемлекеттің бюджеті толықтырылды

13.10.2020 Выкл. Автор mseditor

Салықтық төлемдерін өндіру бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті, қалалық мемлекеттік кірістер департаменті және Өңірлік жеке сот орындаушылары палатасы арасында ынтықмақтастық меморандумы түзілген, деп хабарлайды САҚШЫ info.

Аталған меморандумға сәйкес жұмысшы топ құрылып, қала аумағында 4 ауданға бөлініп, салық төлемей жүрген азаматтарға рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметі бойынша қазіргі таңда 70 000 салық төлеуші өз көліктері үшін мемлекет бюджетіне 1 млрд 887 млн теңге толықтырулары қажет.
«Ағымдағы жылдың 12 қазанында жүргізілген іс-шара барысында жалпы 237 жеке тұлғалардың автокөліктері тоқтатылып, тексерілді. Оның ішінде 11 автокөліктің жүргізушілері сол сәтте берешектері өз орнында өндірілді. Айыптұраққа 1 автокөлік қойылды. Жалпы іс-шара барысында 937 мың 572 жеке тұлғалардың берешегі мемлекет бюджетіне өндірілді. Қазіргі таңда рейдтік іс-шара жалғасып жатыр»,
– дейді Шымкент ҚПД ӘПБ әкімшілік практика бөлімінің аға инспекторы полиция подполковнигі Апентаев Мақсат.