Республикалық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшесі сотталғандармен кездесті

Республикалық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшесі сотталғандармен кездесті

08.12.2020 Выкл. Автор mseditor

Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры, «Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық- түсіндірмелік шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі аясында ЗК-169/5 мекемесінде деструктивті діни ағымды ұстаушы сотталған азаматтарға теологиялық және психологиялық оңалту жұмыстарын жүргізді.

Шараға Республикалық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшесі, Л.Н.Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дінтану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тышқан және «Қамқорлық» дағдарыс орталығының психолог маманы, психология магистрі Райхан Аманбайқызы қатысты.  

РАТТ мүшесі Кеңшілік Тышқан сотталған азаматтармен топтық дәріс өткізіп, жеке қабылдап, сотталғандардың көкейлерінде жүрген күмәнді сұрақтарына жауап берді.

«Қамқорлық» дағдарыс орталығының психологы Райхан Аманбайқызы сотталған азаматтарға психологиялық кеңестер берді.

Кездесуден  қажетті ақпарат алған сотталғандар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.