РЕЙДТІК ШАРАЛАР ТҰРАҚТЫ ЖАЛҒАСУДА

РЕЙДТІК ШАРАЛАР ТҰРАҚТЫ ЖАЛҒАСУДА

27.07.2020 0 Автор mseditor
Дайджест Казахстан«Короновирус» инфекциясының алдын алу және таралуын болдырмау бойынша Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №25,26,27 Қаулылары шығарылған, – деп ДАЙДЖЕСТ КАЗАХСТАН.
Осыған сәйкес Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі рейдттік іс-шара жүргізу барысында карантин талаптыран елемеген кәсіпкерлік нысандарын анықтады. Яғни 24 шілде сағат 02-28 шамасында Шымкент қаласы М. Х. Дулати көшесі №177 ғимаратында орналасқан «Shelby» кафесі жұмыс жасап жатқаны белгілі болды.
Аталған жайт негізінде ҚР ӘҚБтК-нің 804-бабының 1- бөлігінің 22-тармақшасына сәйкес аталған мекеме басшысы жеке кәсіпкерге ҚР ӘҚБтК-нің 462 бабы 3 бөлігімен процессуалды шешім қабылдау үшін жинақталған іс құжат Әл-Фараби ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.