ПСИХОЛОГ – ПРОБАЦИЯДАҒЫ ЖАҢА ЛАУАЗЫМ.

ПСИХОЛОГ – ПРОБАЦИЯДАҒЫ ЖАҢА ЛАУАЗЫМ.

19.01.2021 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Психолог мамандығы – бұл соңғы уақытта танымал болатын қызықты және перспективалы бағыт.

Психологтың іс-әрекеті негізінен нақты адамның өмірін бағалауға, эмоциялары мен психикалық жай-күйін ескере отырып, жағдайын қарауға бағытталған. Маман адамдардың мінез-құлқының ерекше белгілерін, оның күшті және әлсіз жақтарын, интеллект деңгейін, әлеуметтік бейімделу дәрежесін бөлуге мүмкіндік беретін ерекше дағдыларға ие.

Пробация қызметі психологтарының пайда болуымен есепте тұрған адамдарға әлеуметтік- құқықтық көмек көрсету бойынша жұмыс жеңілдетілді. Яғни, егер бұрын сотталғандар психологиялық кеңес алу үшін басқа ұйымдарға жіберілсе (үкіметтік емес ұйымдарға, жастар орталықтарға және т.б.), қазір сотталғандар пробация қызметіне тіркеуге немесе есепке тұруға келгенде, сол жерде оларға психологиялық көмек беріледі. Ең маңыздысы – енді барлық есепте тұрған тұлғалар тексеріледі. Бұл әрбір сотталғанға психологиялық портрет жасауға,қабілеттері мен бейімділіктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Аталған тұлғалармен психологиялық консультациялар, профилактикалық және психотүзету іс – шаралар жүргізіледі.

Шымкент қалалық номері 3 ПҚБ инспектор- психологы Назерке Жанғалиқызы Әбдіғани Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлерін сотты болған азаматтармен психологиялық жұмыс жасау және психологиялық көмек көрсетуде.